Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Аймақтық азан жарысы өтті

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 03.10.2020 3191 0 пікір
Атырау: Аймақтық азан жарысы өтті

Атыраудың мешіт қызметкерлері әсем әуезді азаншылар жарысына қатысты. Ақтау қаласында өтетін республикалық азан жарысы бәйгесіне үздіктерді іріктеу мақсатында ұйымдастырылған бәйгеде оннан астам үміткер бақ сынады.

Азан айтудан облыстық «Иманғали» мешітінің азаншысы Саламат Иманғалиев бірінші орынды жеңіп алды. Екінші және үшінші орынды жылыойлық Арман Ыбырашев және Махамбет ауданының бас имамы Ержан Иманғалиев өзара бөлісті. Жеңімпаздардың барлығы қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ өзге де қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Осылайша азан айтудан үздік деп танылған орталық «Иманғали» мешітінің азаншысы Саламат Иманғалиев Ақтау қаласында өтетін республикалық бәсекеде Атырау облысының намысын қорғайды.

Еске сала кетелік, азан жарысына Алматыдан арнайы келген ұстаз, қари Ерсін Әміре және Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған алқа қазылық етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру