Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Ата-әжелерге құрмет көрсетілді (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 02.10.2020 3421 0 пікір
Шымкент: Ата-әжелерге құрмет көрсетілді (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Жастар ісі» секторының ұйытқы болуымен халықаралық қарттар күніне орай «Қарияға құрмет - ұрпаққа міндет» атты мерекелік шара өтті.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов және қаламызда көпке үлгі болып жүрген ата-әжелеріміз бен мешіт жанындағы «Әжелер» мектебінің бір топ мүшелері қатысты.

Алдымен Бақдәулет Абдрахманов құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік шараның маңыздылығына тоқталып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемі мен құттықтауын, алғысын жеткізді. Және үлкенді құрметтің пайғамбарымыздың сара жолы екендігін айрықша атап өтті.

«Қарияны сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүріміз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың өңіріміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгінгі айтулы мерекеде Алла Тағаладан сіздерге зор денсаулық пен барша жақсылықтарды тілеймін» деді бас имам.

Мерекелік шара барысында үлкен ата-әжелерімізге шапан, орамал жауап және қаржылай сыйлықтар берілді. 

Айта кетсек, карантин талаптарына сәйкес 15 қарияның үйіне барып, құрмет көрсетілді. Өз кезегінде, қариялар мешіт қызметкерлерінің игі істеріне алғыстарын айтып, ақ батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру