Қариялар күніне орай ҚМДБ-ның Маңғыстау өкілдігінің ұйымдастыруымен өңірдің бас имамы Әнуар Ізімбайұлының басшылығымен облыстық орталық «Бекет ата» және қалалық «Бекет ата» мешіттерінің имамдары қарттар үйін зиярат етіп, оларға рухани және материалдық көмек көрсетті.
Қайырымдылық іс-шарасы аясында имамдар аталмыш мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып, 100-ге жуық жанға көмек көрсетті. Қарттар үйінің қызметкерлері мен қариялар имамдарға жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.
Осындай игі шаралар жыл сайынғы дәстүр екендігін айта кеткеніміз жөн.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
02.10.2020
2814
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру