Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Құлшылық үйі күрделі жөндеуден өтті (ФОТО)

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 02.10.2020 2405 0 пікір
Қызылорда: Құлшылық үйі күрделі жөндеуден өтті (ФОТО)

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай шалғай аймақтарда орналасқан 30 мешітті күрделі жөндеуден өткізу бастамасы қолға алынған болатын. Аталмыш жоба аясында ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілдігіне қарасты Қармақшы ауданы Ақай ауылдық «Мүсірәлі сопы Әзіз» мешітіне де жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауласынан жаңа дәретхана салынды.

Ақай ауылына арнайы ат басын бұрған бас имам Болатбек Ұласқанұлы жөндеуден өткен мешіт пен жаңа дәретхананың ашылуына қатысып, лентасын қиды. Ашылғалы бері алғаш рет күрделі жөндеуден өткен 200 адамдық құлшылық үйіне жылы еден төселіп, арнайы тапсырыспен жаңа кілемдер әкелінген.

Салтанатты шараға ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан Абатов, «Нұр-Отан» партиясының Байқоңыр қаласындағы филиалының басшысы Мақсат Еспенбетов, Қармақшы аудандық Ішкі Саясат бөлімінің басшысы Самат Смағұлов, Ақай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Қыпшақбайұлы ақсақалдар да қатысты.

Бас имам Болатбек Абуов құлшылық үйін күрделі жөндеуден өткізіп, игі жұмыстардың жоғары деңгейде атқарылуына мұрындық болған мешіт имамы мен жанашыр азаматтарға алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру