ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Елорда іргесіндегі «Шапағат» әлеуметтік орталығы – Қарттар үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік шара өтті. Халықаралық Қарттар күніне орай ұйымдастырылған шара санитарлық ережеге сәйкес орталықтың ауласында өткізіліп, күздің қоңыр күні қариялар үшін мерекеге айналды.
Жаймашуақ ауа райы да көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қариялар тіпті биге де ерік берді. Аталмыш шараға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ибрагим Сматаев пен «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді. Мерекемен құттықтаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тілегін жеткізіп, игілікті шара қарияларға гүл таратумен басталды.
Ән мен жырдан шашу шашылып, қарттар үйінің ауласы думанға толы болды. Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан өкілдігінің атынан Қарттар үйіне арнайы азық-түлік сөмкелері мен құрма жемістері табысталды.
Қариялар қауымына қуаныш сыйлаған мерекелік шараға Орталық ұжымы атынан директоры Сәкен Жекебаев ізгі тілегін білдіріп, қашанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан құрмет пен ізеттің, қайырымдылық шараларының үзілмейтінін атап өтті.

%20(%D0%9A%D0%BE%D0%BF%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%82%D1%8C).jpg)

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі
muslim.kz
02.10.2020
3820
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру