Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы өңірі: Қарттар үйіне қайырымдылық жасалды

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 02.10.2020 3775 0 пікір
Алматы өңірі: Қарттар үйіне қайырымдылық жасалды

Қарттар күнінде Алматы облысы, Іле ауданының Байсерке ауылдық округінде орналасқан «Жылы шаңырақ» қарттар үйінде қайырымдылық шарасы өтті.

Іле ауданының бас имамы Дархан Тәңірберген және мешіт қызметкерлері қарттарға құрмет көрсетіп, қайырымдылық көмек жасады. Аудан имамы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сәлемін жиналған қауымға жеткізіп, «Қарттардың жанында береке бар» атты тақырыпта уағыз насихатын айтты.

Мекеме басшысы Эсмира Жанзақова өзінің қамқорлығындағы қарттардың жағдайын баяндап, дін қызметкерлердің сауапты амалына ризашылығын білдірді.

Имамдардың келгеніне қуанған кейуана Валентина Кобзева: «Сіздерге алғысымды айтқалы тұрмын. Сыйлықтарыңызға рахмет. Бізді елеп-ескеріп, келіп жағдайымызды сұрап білгендеріңізге мың алғыс» деп тебірене сөйлеп, өзінің қағазға түсірген монологын оқып берді.

Жиын соңында мерекелік дастархан жайылып, ізгі тілектер айтылып, ұлағатты жиын қарттардың ақ батасымен аяқталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру