Халықаралық «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында ҚМДБ Өскемен аймағында қарттарға құрмет көрсетілді.
Шара аясында Өскемен қаласы мен өкілдікке қарасты аудандарда қарияларға құрмет көрсетілді. Мешіт қызметкерлері қарттарға сыйлықтар табыс етті. Өңір бойынша 120 қария қайырымдылық шарасына қамтылды.
Қазыналы қарияларға құрмет көрсетілген шаралар жайлы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин: «Аға буын өкілдерін, қазыналы қарттарымызды құрметтеу бүгінгі ұрпақ біздің басты парызымыз. Қарияларымыздың үлгісі мен өнегесі тәлім-тәрбиенің бастауы деп білеміз. Дінімізде және ұлтымыздың дәстүрінде қарияларға құрмет етудің озық тағылымдары көрсетілген» деп ерекше атап өтті.
Қариялар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын айтып, батасын берді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
02.10.2020
2733
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру