Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Көшпелі керуен» шарасында 40 отбасыға көмек берілді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 02.10.2020 2834 0 пікір
Шымкент: «Көшпелі керуен» шарасында 40 отбасыға көмек берілді

ҚМДБ «Зекет» қорының бастамасымен қолға алынған «Көшпелі керуен» атты қайырымдылық шарасы жалғасуда. Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандардың үйлерін аралап, тұрмыс жағдайын біліп, қажетті көмектер берілді.

Айтулы шара Шымкент қаласы, Абай ауданы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында 40 мұқтаж отбасының үйлеріне азық-түлік және ет өнімдері жеткізіліп, қуанышқа бөледі.

Және «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің бас имамы Бекайдар Әміре игі бастама ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айрықша жобасы екенін айтып, насихат айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру