Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Қарияларға қуаныш сыйлады

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 02.10.2020 2625 0 пікір
Жамбыл: Қарияларға қуаныш сыйлады

Қарттар күніне орай Жамбыл облысының аудандарының дін қызметкерлері батагөй ақсақалдар мен ақжаулықты әжелерге қуаныш сыйлады.

Қордай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен 5 мұқтаж қарияның үйіне азық-түлік жеткізілсе, үлкендердің көңілін аулаған имам Дәурен Нұржанұлы қарттардың батасын алды.

Сондай-ақ, Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен ауыл қарияларына ақ дастархан жайылып, сый-құрмет көрсетілді. 20 шақты ақсақал бас қосқан жиында даналығы мол тәрбиелі әңгіме айтылып, мешіт қызметкерлері қарттардың батасын алды.

Одан бөлек, аудан имамы Ғарифолла Кенжебек өңірдегі қариялардың үйіне барып, төл мерекесімен құттықтап, сыйлық жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру