Бүгін – Халықаралық қарттар күні. Мерекеге орай ҚМДБ Павлодар облысы өкілдігінің ұйымдастыруменен Павлодар қаласы мешіттерінде үлкендерге құрмет көрсетіліп, дастархан жайылды.
Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Қарияларға құрмет көрсету мақсатында өткізілген басқосу соңында ардақты да аяулы ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналарға сыйлықтар таратылды. Дін қызметкерлерінің ықылас-ілтипатына риза болған қарттар имамдарға алғыс білдіріп, бата берді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Павлодар облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
01.10.2020
2622
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру