ҚМДБ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруменен Петропавл қаласы мешіттерінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттар біздің қазынамыз» атты мерекелік шаралар өтті.
Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбіт өмір кешуіне өз үлесін қосқан ардақты да аяулы ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналарға сыйлықтар таратылды.
Дін қызметкерлерінің ықылас-ілтипатына риза болған қарттарымыз берекелі мерекенің жоғары деңгейде аталып өтуіне үлес қосқан қала мешіттері имамдарына алғыс білдіріп, бата берді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
СҚО "Қызылжар" мешітінің баспасөз қызметі
01.10.2020
2722
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру