Шығыс Қазақстан облыстық Пушкин кітапханасында генерал-майор, Ұлан ауданының «Құрметті азаматы», кәсіпкер-мецанат Мұрат Телебаев туралы жазылған Қ.Жадриннің «Жаныңда жүр жақсы адам» атты кітабының тұсаукесері өтті.
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі ұйымдастырған іс-шараға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин және мешіт алқасының мүшелері, ақсақалдар, дін қызметкерлері қатысты.
«Мұрат Телебаев – қасиетті Қағбаға кірген санаулы адамның бірі. Өңірдегі діни руханияттың жанашыры ретінде ерекше құрмет тұтамыз. Өкілдік атқарған түрлі шараларға ұйытқы болып келеді. Мұрат ағамыздың ерен еңбегін жастарға насихаттау – өте дұрыс бастама. Біз де мешіт арқылы осы шараны насихат болсын деп ұйымдастырып отырмыз» дей келген Дәулет Қабидолдин Мұрат қажы Сұлтанғазыұлының мешіт алқасының мүшесі ретінде әрбір бастамаларға қолдау көрсетіп келе жатқан сауапты ісі жайлы да айтып өтті. Әсіресе «Ел үлесі – пәтерге» жобасына үлес қосып, мұқтаж жандарға баспана сыйлаған еңбегіне ерекше тоқталды.
Шығармашылық кеште Мұрат Телебаевтың бейбітшілікті сақтау жолындағы сәттерінен әсерлі естеліктер айтылды. Сөз алғандар ардақты жомарт жанның дін жолындағы ерен еңбегіне айрықша тоқталды. Шығармашылық шараға жиналған қариялар «Жаныңда жүр жақсы адам» кітабының тағылымдық маңызы жайлы жүрекжарды лебіздерін білдірді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
01.10.2020
2827
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру