Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халал Даму: «Ясмин» шұжығы сертификат жаңартты

halaldamu.kz 01.10.2020 2871 0 пікір
Халал Даму: «Ясмин» шұжығы сертификат жаңартты

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан ірі шұжық цехтардың бірі – «Ясмин» кәсіпорны «ҚМДБ халал» сертификатын жаңартты.

Бас мүфтидің кеңесшісі Мекежанов Балтабай Уәжитұлы «Ясмин» кәсіпорнына «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады.

Елорда тұрғындарына «Мяском», «Столичные деликатесы», «Алсем», «Баракат» т.б сауда белгілермен танылған «Ясмин» шұжық цехын бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технологтар Еркетаң Айдынқызы мен Арайгүл Бақытқызы орындады.

Сертификат жаңарту барысында «Ясминнің» дайын шұжық өнімдері мен тағамдық қоспалары тағы да кезекті лабораториялық тексерістен өткізілді. Зертхана нәтижесі – оң.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру