Сыр өңірінің бойынша бас имамы Болатбек Абуов Қазалы және Байқоңыр аудандарында болды. ҚМДБ «Зекет» қорының бастамасымен еліміздің барлық аймағында өткізіліп жатқан «Қайырымдылық керуені» шарасына қатысты.
Қазалы ауданына сапары барысында Болатбек Абуов аудандық «Жанқожа батыр» мешітінде ауданға қарасты кент, ауыл мешіттері имамдарымен кездесті. Жиында ҚМДБ-ның басты бағыттары мен жат ағыммен күресті күшейтуге қатысты тапсырмалар беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Дін қызметкерлерімен өткен кездесу «Қайырымдылық керуені» шарасына жалғасып, бас имам Болатбек Ұласқанұлы мен «Зекет» қорының облыстағы жауапты өкілі Оңталап Тасболатұлы бастаған еріктілер тұрмысы төмен 30 отбасыға азық-түлік қоржынын таратты.
Ал Байқоңыр қаласына сапары барысында Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қалалық «Жәрімбет ата» мешіті ауласында өткен «Қайырымдылық керуені» шарасына қатысты. Шараға сондай-ақ «Байқоңыр» кешені арнаулы өкілі қызметін қамтамасыз ету басқармасы басшысы Жасұлан Абатов, «Nur Otan» партиясы Байқоңыр қалалық филиалының басшысы Мақсат Еспенбетов, Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самат Смағұлов, Төретам кенті әкімінің орынбасары Дина Шәкиева, Төретам кенті ардагерлер кеңесінің төрағалары Смағұл Аралбаев, мешіт жанашыры Абай Жакишев, «Зекет» қорының облыстағы өкілі Оңталап Тасболатұлы қатысып, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік қоржынын табыстады.
Бұдан кейін меймандар Төретам кентінде салынып жатқан 500 адамға арналған жаңа мешіт құрылысымен танысты. Сауапты шара соңында бас имам Болатбек Абуов жаңа мешіттің құрылысы мен «Қайырымдылық керуенін» өткізуге демеушілік жасаған Абай Байділдәұлы мен мешіт жанашыры Өмірсерік Үншібайұлын ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапаттады.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
01.10.2020
3187
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру