Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы «Ержан Тәтішев» мешітінің ауласында аудан тұрғындарына арналған «Тоқшылық бұлағы» атты бұлақ көзі ашылды.
ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай өткізілген «Тоқшылық бұлағы» шарасына Қанат Алмұхамедов қаржылай көмек көрсетті. Осыған орай арнайы өткізілген жиында аудан мешітінің алқа мүшесі Н.Алмұхамедов пен «Қостанай минералдары» АҚ техникалық басшысы А.Смағұлов салтанатты лента қию құрметіне ие болды.
Басқосуда Қостанай облысының бас имамы Б.Тәжімбет, Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары З.Урманова және мешіттің алқа мүшесі Н.Алмұхамедов көпшілікті құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Салтанатты шарадан кейін жиналғандар Забеловка ауылындағы жаңа зиратқа барды. Бұл зират «Қостанай минералдары» АҚ-ның қаржылай көмегімен салынды. Жаңа зираттың аумағы – 25 гектар. Айналасы қоршалған, уақыт талабына толық сай келеді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
01.10.2020
2573
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру