ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Абуов Арал ауданына жасаған сапарында ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтергі» акциясымен берілген кезекті екі үйдің кілтін табыстады.
Бас имам және «Зекет» қайырымдылық қорының облыстағы өкілі Оңталап Тасболатұлы Арал ауданына қарасты Қарақұм ауылындағы тұрмысы төмен екі отбасыға республика бойынша 264, 265-ші баспана кілттерін тапсырды. Жаңа қоныспен құттықтаған имамдар үй иелеріне кілем сыйлады.
Бас имам сапарының негізгі мақсаты – аудандағы ахуалды бақылау, жергілікті халықтың тыныс-тіршілігімен танысу. Бұдан кейін Б.Ұласханұлы Қарақұм ауылдық мешітінің жанынан орын тебетін асхананың іргітасын қалау шарасына қатысып, құрылысын бастап берді. Асхана 200 адамға арналмақ.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
30.09.2020
3031
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру