Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысына сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды. Бұл жайлы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, бабалар рухына тағзым етті» деп жазды Айдос Үкібай.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысына сапары барысында «Ұлы Дала Елі» орталығына, «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залына, «Түркістан-Арена» стадионына барды.
Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысып, қала орталығында орналасқан 120 орындық жаңа қонақ үй кешенімен танысты. Сапар соңында Елбасы БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізіп, «Қазақстанның рухани астанасының» жаңа «Визит-орталығында» орналасқан музейді аралады.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
29.09.2020
5115
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру