Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлының бастамасымен Қос мұнаралы орталық мешіт сайтының атауы Alashdin.kz болып өзгерді.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дін – насихат» деп айтқанындай, ҚМДБ-ның басты міндетінің бірі – уағыз-насихат жұмысын жандандыру. Осы бағытта Семей өңіріне қарасты мешіттерде ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
«Біздің басты мұратымыз – заман талабына сай уағыз-насихат жұмысын ұйымдастыру. Бүгінде басым көпшілік ақпаратты интернет арқылы алады. Мешіт сайтын өзгертудегі мақсатымыз – Алаш қайраткерлерінің ізі қалған кешегі Алаш қаласында төл дінімізбен қатар, ұлттық құндылықтарымызды, Алаш арыстарының ел тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін насихаттау», –деді Асқар Мұқанов.
Сонымен қатар Аlashdin.kz сайты алдағы уақытта белгілі абайтанушы, алаштанушы ғалымдармен байланыс орнатып, оқырман назарына тың материалдар ұсынуды жоспарлап отыр.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
29.09.2020
3326
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру