ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Әдемі әуезді азаншы» IV республикалық азаншылар жарысының өңір бойынша іріктеу сайысы өтті.
Сайыс басында облыстың бас имамы жарыстың аса тағылымды екендігін жеткізіп, азанның маңызына тоқталды. Іріктеу бәсекесіне Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан, «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары Алмат Әли мен Бекжан қари Әлденов қазылық жасады.
Сайысқа қатысушылар тәжуид, махраж және мақам бойынша бағаланды. Іріктеу сайысына 12 үміткер өтіп, жарыс қорытындысы бойынша Әйтеке би аудандық мешітінің бас имамы Тілес Ғабидолланы үздік деп танылды. Оған IV республикалық азаншылар жарысына жолдама берді.
Еске сала кетейік, бұған дейінгі III республикалық азаншылар жарысы 2018 жылы Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде өтіп, нәтижесінде Қызылорда облысы «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы Шыңғыс Жаппарханұлы бас жүлдені иеленген болатын. Ал ІV республикалық азаншылар жарысы қазан айында Маңғыстау облысында өтеді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
29.09.2020
2586
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру