Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Арал ауданына сапарында «Көшпелі керуен» қайырымдылық шарасына қатысты.
ҚМДБ «Зекет» қорының қайырымдылық керуені – республикалық деңгейде қолға алынған акция. Акция аясында Қызылорда облысының бас имамы бас имам Болатбек Абуов пен «Зекет» қорының Сыр өңіріндегі жауапты өкілі Оңталап Жидебаев Аралдағы 30 отбасыға азық-түлік қоржынын үлестірді.
Сондай-ақ осы сапары барысында Болатбек Ұласқанұлы Сексеуіл кентінде салынып жатқан «Тілеуқұл ишан» мешітінің құрылысымен танысты. Құрылыс толық аяқталған кезде екі қабатты жаңа мешітте бір мезетте 1000 адам құлшылық жасайды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
29.09.2020
2722
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру