ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен «Руханият» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Тасқала ауданында ауыл молдаларының білімін жетілдіріп, біліктілігін шындау мақсатында 3 күндік оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинарға Орал орталық мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Бақытжан Сабралиев қатысып, ауыл молдаларына асыл дініміз, Құранды дұрыс оқу, жаназа рәсімі жөнінде дәріс оқыды.
Дін жолында қызмет етіп келе жатқан әрбір азаматқа асыл дініміздің абыройын арттыру жолында аянбай тер төгу керектігін түсіндірді. Оқыту семинарының соңында имам-молдаларға сертификат табыс етілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
28.09.2020
3147
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру