Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Мейірім» полуфабрикат өнімдері сертификатталды

«Халал Даму» ЖШС halaldamu.kz 28.09.2020 3746 0 пікір
Қызылорда: «Мейірім» полуфабрикат өнімдері сертификатталды

Қызылорда қаласында «Мейірім» сауда белгісімен шығарылатын полуфабрикат өнімдері «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.
⠀
«ҚМДБ халал» сертификатын Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы табыстады. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Перизат Шарапатова өндіріс аймағында аудит жұмыстарын жүргізіп, өнімдердің стандарт талабына сай дайындалуын қадағалады.
⠀
Цех қызметкерлеріне шариғат және халал стандарт талабы бойынша өнім өндірудің ерекшеліктері мен маңыздылығы жөнінде оқу-семинар өткізілді.
«Мейірім» кәсіпорнының тұшпара, котлет, тефтели, фарш секілді полуфабрикаттары «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды.
⠀
«Мейірім» өнімдеріне берілген «ҚМДБ халал» сертификатының жарамдылық мерзімі: 08.09.2020-09.09.2021

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру