Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Тыныс алу аппаратын тарту етті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 25.09.2020 2501 0 пікір
ШҚО: Тыныс алу аппаратын тарту етті

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі әлемді індет жайлаған осынау күрделі кезеңде халықтың өмірін сақтауға, денсаулығын сақтауға бағытталған іс-шараларды барынша пәрменді ұйымдастырып жатыр. Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы «Мұса баба» мешітінің бас имамы Зауатбек Сайлауұлы аудандық ішкі саясат бөліміне 3 тыныс алу аппаратын табыс етті.

Шараға ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты қатысты.

«Халықтың денсаулығы бәрінен де маңызды. Осынау індет етек алған кезеңде мешіттерімізбен кәсіпкер азаматтарымыз халықтың саулығын ойлап, шама-шарқынша көмек көрсетіп жатыр. «Ер Жәнібек» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен осынау тыныс алу аппараттарын ұсынып отырмыз. Ешкім ауырмасын, ауырғандарға Алла шипа берсін» деді Зауатбек Сайлауұлы.

Рәсімде аудандық мәслихаттың депутаты Н.Тілеужан бастама иелеріне алғыс білдіріп, бүгінгі шараның маңыздылығна тоқталды. Аудандық ішкі саясат басшысы тыныс алу аппаратын қабылдап алып, алғысын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру