Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талғар: «Қайырымдылық керуені» Қарабұлақ ауылында

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 25.09.2020 2613 0 пікір
Талғар: «Қайырымдылық керуені» Қарабұлақ ауылында

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметінің дәстүрлі бағыттарының бірі  – қайырымдылық. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Талғар аудандық орталық мешіті «Қайырымдылық керуені» игі шарасын ұйымдастырды.

Мешіт ұжымы Қарабұлақ ауылының әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына тұрмысқа қажетті азық-түліктер жеткізіп берді.

Аудан имамы Қажымұхан Қамбарұлы «Гүлахмет ата» мешіті ауласында 30 отбасыға арнайы әзірленген азық-түліктер мен тұрмыстық заттарды үлестірді. Мешіттерден ұдайы жәрдем алып тұратын отбасылар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұл ерекше бастамасына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру