Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАНАТ АЛШЫНБАЕВ «АТЫРАУ» АРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

amin.kz 24.09.2020 2740 0 пікір
ҚАНАТ АЛШЫНБАЕВ «АТЫРАУ» АРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барды.

Ол орталық «Иманғали» мешітінде Атырау қаласына қарасты мешіттердің имамдарымен кездесіп, діни оңалту бағытындағы іс-тәжірибесін бөлісті. Сондай-ақ жергілікті «Атырау» телеарнасына онлайн форматта сұхбат берді. Сұхбат аясында негізінен қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп және жат ағымдардан келетін қауіп тақырыбы талқыланды.

«Қазақ халқы үшін Абай, Шәкәрім салған мектеп үлкен жол, темірқазық бола алады. Қазақ даласынан шыққан ғұламаларымыз қасиетті Құран мен Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін халқымыздың болмысымен, салт-дәстүрлерімізбен байланыстыра отырып жеткізіп кетті. Ұлттық салт-сананың қайнар көзі болған Абайдың дара жолы бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде басты мектеп болуы керек» деді ол.

Бұдан әрі Қанат Алшынбаев Атырау облысына қарасты аудан имамдарымен, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы теологтарымен, терроризм бабы бойынша түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандармен кездеседі деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру