Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: РАНТ мүшесіне құрмет көрсетті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 23.09.2020 3108 0 пікір
Шымкент: РАНТ мүшесіне құрмет көрсетті

Жуырда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов және РАНТ (Республикалық ақпараттық насихат тобы) мүшелерінің қатысуымен Нұр-Сұлтандағы ҚМДБ ғимаратында алқалы жиын өткен еді.

Осы жиында дестурктивті ағым өкілдеріне түсіндіру шараларны белсенді түрде жүзеге асырып, нәтижесі жұмыс көрсеткен бірқатар РАНТ мүшелері мен дінтанушылар Ақпарат және қоғамдық даму министрі Айда Ғалымқызының арнайы алғыс хатымен марапатталған болатын.

Белсенді жұмыстары үшін министрдің алғыс хатымен марапатталған РАНТ мүшесі Еркебұлан Қарақұловқа Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов ұжым алдында алғыс айтып, шапан жауап, айрықша құрмет көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру