Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: «Нұр» мешітіне жөндеу жұмыстары жүргізілді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 22.09.2020 2462 0 пікір
Қарағанды: «Нұр» мешітіне жөндеу жұмыстары жүргізілді

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы арнайы қызметтік сапармен Шахтинск қаласына ат басын бұрды.

Аймақтағы «Нұр» қалалық мешітінің имамы Әсет Ибраев облыс бас имамына мешіттің бүгінгі тыныс-тіршілігін таныстырып, жаңалығымен бөлісті. ҚМДБ-ның отыз жылдығына орай «30 игі шара» аясында Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті бірнеше жөндеу жұмыстарын жүзеге асырған. Атап айтқанда, мешіттің жылу құбырлары ауыстырылып, жарық беру құрылғыларының қуаты арттырылған.

Ғимараттың аумағы толықтай қоршалып, көлік тұрақтары жасалынған. Сондай-ақ, мешіттің асханасы да күрделі жөндеуден өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру