Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде «Қайырымдылық керуені» акциясы өтті (ФОТО)

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 20.09.2020 499 0 пікір
Ақтөбеде «Қайырымдылық керуені» акциясы өтті (ФОТО)

Жыл басында ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай республикалық деңгейде бірқатар ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарын Бас мүфти бекіткен еді. Жоспарға сай іс-шаралар Ақтөбе облысында да карантин режимін сақтай отырып ұйымдастырылды. Міне, осы секілді ауқымды шаралардың бірі – Ақтөбе өкілдігінің ұйымдастыруымен облыс мешіттерінде «Қайырымдылық керуені» акциясы өтті.

Шара аясында мешіттерден көмек сұраған көп балалы және тұрмысы төмен 586 отбасына («Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті 110 отбасы, Ақтөбе қалалық мешіті 100 отбасы және аудан мешіттері 376 отбасы) көмек көрсетілді. Ұн, макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, қант, сұйық май, шай және картоп т.б. таратылған азық-түлік себеттерінің жалпы көлемі 6 тонна 949 келіні құрайды. 

«Бас мүфти бастамасымен діни басқарманың 30 жылдық мерейтойына орай, республикалық деңгейде ұйымдастырылған «Қайырымдылық кернеуі» атты шараға Ақтөбе мешіттері де өз үлесін қосып отыр. Қайырымдылық жасау – қайырлы іс. Мұқтаждың қажетін өтеу – Пайғамбар сүннеті. Шараға ұйытқы болған қала, аудан имамдарына және атсалысқан жамағатқа ерекше алғыс білдіремін», - деді Бас имам Төлеби Оспан. Сонымен қатар аудан орталығынан 2 мұсылмандар зираты қоршалып, 1 құдық қазылды.

Естеріңізге сала кетейік, діни басқарманың 30 жылдық мерейтойына орай, Ақтөбе қаласында 80 метрлік 2 көпір пайдалануға берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі