Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал: Ауыл имамы баспана сыйлады

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 19.09.2020 620 0 пікір
Орал: Ауыл имамы баспана сыйлады

БҚО Казталов ауданы Жалпақтал мешітінің бас имамы дінтанушы-теолог Тілепберген қажы Ахмеджанұлы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, отбасында І топтағы мүгедек баласы бар, жұмыссыздар санатындағы ауыл тұрғыны Қаныбек Ғұбашевтың отбасына үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Осылайша ҚМДБ «Зекет» қоры атынан ұйымдастырылған «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында көп жылдан бері баспана тауқыметін тартып жүрген мұқтаж отбасына жайлы қоныс сыйланды. Осындай сауапты іске мұрындық болған ауыл имамының шынайы ықыласпен жасаған қайырымды қадамына қоныс иелері ризашылық білдіріп, алғыс жаудырды.

Игі шараға Батыс Қазақстан  облысның бас имамы Мұратбек  Мұхтарханұлы, Казталов аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанұлы, Жалпақтал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилым Шәріпұлы, облыстық орталық мешіттің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Уәлиоллақызы, Жалпақтал ауыл әкімі Әлия Нәсіпқалиқызы, аудандық «Ауыл айнасы» газетінің меншікті тілшісі Қыдыр Қаресұлы және Жалпақтал жастар жетекшісі Айбек Әділгерейұлы қатысты.

ҚМДБ-ның «Ел үлесі – пәтерге» акциясы арқылы күллі ел аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамту бастамалары осындай игі істің әлеуетін одан ары көтеріп, әлеуметтік жағынан осал топтарға қайырымдылық көмектері тоқырамай, ізгілік жолында тізе біріктіріп, баспанаға мұқтаж ауылдас тұрғындардың алғыстарына кенеле берсін демекпіз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі