Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Торлан» мешіті жаңадан салынып, пайдалануға берілді (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 17.09.2020 3485 0 пікір
Шымкент: «Торлан» мешіті жаңадан салынып, пайдалануға берілді (ФОТО)

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына арналған «30 игі шара» жобасы аясында Шымкент қаласының Абай ауданында орналасқан «Торлан» мешіті жаңадан салынып, пайдалануға берілді.

Мешіттің ашылу шарасына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жамалбек Шәріпбек, «Ерсұлтан -Агро» ЖШС-нің бас директоры Ерболат Мырзабеков, мешіт имамдары мен елді мекен тұрғындары т,б, азаматтар қатысты.

Игі шараның ашылуы Құран оқумен басталса, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Торлан» мешітінің қауымына жолдаған арнайы құттықтау сәлемін жеткізіп, жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады.

Қаланың ең шеткі аймағында орналасқан «Торлан» мешітіне Бас мүфтидің бұйрығымен тәжірибелі, білімді һәм білікті имам ретінде Ғалымжан Назаров тағайындалып, аз уақыттың ішінде онлайн оқытып 200-ге жуық шәкірттерге тәлім берді. Және үй пішімінде салынған ескі мешіт жанына жаңадан мешіт салуға кірісіп, бүгін пайдалануға берілді. Ал ескі мешіт діни сауат ашу курсы (ДСАК) ғимаратына айналып отыр.

Жаңа мешіттің көлік тұрағы, асханасы, неке және қабылдау, дәрісхана, имам, наиб имам бөлмесі мен қабылдау бөлмелері орналасқан. 250 адам бір мезгілде намаз оқи алады. 

Жаңа мешіттің ашылуы елді мекен тұрғындарына қуаныш пен шаттық сыйлады. Игі шараның бастамашысы болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру