Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Жусан» операциясы арқылы елге оралғандармен кездесу өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 16.09.2020 2892 0 пікір
Маңғыстау: «Жусан» операциясы арқылы елге оралғандармен кездесу өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Маңғыстау облысы бойынша жетекшісі Ақмарал Қазиеваның ұйымдастыруымен былтыр «Жусан» операциясымен шиеленіс аймағынан елге аман-есен оралған бір топ қандасымызбен кездесу өтті. 

Өңірдің орталық «Бекет ата» мешітінде өткен кездесуге ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы арнайы қатысты. Отандастарымызбен сұхбаттасып, оларға рухани қолдау білдіре отырып:

«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Сіздердің қазіргі міндеттеріңіз – еліміздің дамуы мен дініміздің өркендеуі үшін аянбай еңбек ету. Біз, өз кезегімізде сіздерге барынша қолдау көрсетуге дайынбыз», – деп айтып өтті.

Ақмарал Қазиева қаракөз қазақ қыздарын мешіт жанынан ашылған «Қырмызы» тігін шеберханасының жұмысымен таныстыра отырып:

«Болашақта осы жерге келіп, тігін ісі бойынша сабақ алсаңыздар болады. Сіздер үшін есігіміз әрқашан ашық», – деді.

Кездесу соңында облыстық орталық «Бекет ата» мешіті тарапынан қонақтарға тігін шеберханасынан шыққан, тұрмысқа қажетті заттар сыйға беріліп, азық-түлік себеттері мен материалды көмек көрсетілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру