Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Наиб имамға баспана берілді (ФОТО)

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 15.09.2020 2702 0 пікір
Шымкент: Наиб имамға баспана берілді (ФОТО)

 

Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қоры өкілдігінің ұйымдастыруымен Қаратау ауданы, Бозарық елді мекенінде «Ел үлесі – пәтерге» акциясы бойынша 270-ші үйдің кілтін табыс ету шарасы ұйымдастырылды.

Игі шарада алдымен қасиетті Құран оқылып, дұға етілді. Арнайы құттықтау үшін Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов сөз алып, игі жұмыстың маңыздылығына тоқталып, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ, сөз сөңында жаңа баспанаға ие болған «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің түлегі, бүгінде Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің найб имамы Нұрсұлтан Әбжелелге құтты болсын айтып, сәттілік тілеп, 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Игілікті шараға қала имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, «Халал Даму» ЖШС Шымкенттегі өкілі Қазыбек Сарыбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов, қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, қалалық «Әжелер» мектебінің мүшелері т.б. азаматтар қатасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру