Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Қала мешіттеріне терминал орнатылды

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 14.09.2020 2371 0 пікір
Ақтөбе: Қала мешіттеріне терминал орнатылды

Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби Оспан қалалық мешітке орнатылған жаңа терминалдың тұсауын кесіп, облыстық Ақтөбе телеарнасына сұхбат берді.

«Технология дамыған кезеңде көптеген сала электронды жүйеге көшуде. Мешіттер де осындай үдерістен қалыс қалмай, садақа салудың онлайн түрін оңтайландыруға біртіндеп ауыстырылуда. Осыған орай Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен мешіттердегі қаржының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында осындай терминалдар орнатудамыз. Былтыр облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне бір терминал қойылды. Міне, бүгін қалалық орталық мешітпен қатар, «Досжан хазірет» және «Бақытжан» мешіттерінде де игілікті қадам жалғасын тапты. Алдағы уақытта аудандық мешіттерде де садақа беруді электронды жүйеге көшіруді көздеп отырмыз», - деп атап өтті Төлеби қажы Дәділұлы.

Терминалдардың барлығы да мешіттің балансына сатып алынған. Қағаз ақшамен қатар 10 теңгеден бастап 100 теңгеге дейінгі купер қабылдайды. Аппарат садақа салған соң арнайы түбіртек шығарып береді. Қаржы тікелей мешіттің есепшотына түседі. Осылайша мешіт қаржысының ашықтығын қамтамасыз етудің оңтайлы жолы қарастырылып отыр. Бастапқы кезде мешіттерге терминал орнату тосындау болып көрінугені де рас. Алайда мұның тиімділігін уақыттың өзі дәлелдеп келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру