Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Сүзбе» дәмханасына халал сертификаты табысталды

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 12.09.2020 2636 0 пікір
Ақтөбе: «Сүзбе» дәмханасына халал сертификаты табысталды

Ақтөбедегі «Сүзбе» дәмханасы және «Ризық» ас жеткізу қызметіне халал сертификаты табысталды.

Арнайы шараға Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан қатысып, халыққа халал өнім ұсынуға талпынған кәсіпкерге алғыс білдірді.

«Астың адал болуы адам денсаулығына пайда берумен қатар кісінің Аллаға жасаған тілек-дұғасының қабыл болуына да жол ашпақ. Сіздер табыс табумен бірге елге адал ас ұсынып, сауапқа кенелесіздер. Алла жар болсын. Табысты болуларыңызға тілектеспіз» деді Төлеби Дәділұлы.

ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС Ақтөбе облысындағы жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов алдағы уақытта бұл дәмхананың халал стандарттарына сай қызмет етуін қадағалайды. Дәмхана Ақтөбе қаласындағы Әліби Жангелдин көшесі, 139 мекенынжайда орналасқан. Адал астан дәм татамын деуші Ақтөбе тұрғындары мен қонақтарын «Сүзбе» дәмханасына шақырамыз.   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру