Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Орталық мешіттің наиб имамы тағайындалды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 12.09.2020 4050 0 пікір
Алматы: Орталық мешіттің наиб имамы тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ержан Базарбекұлы Алматы Орталық мешітінің бірінші наиб имам қызметіне тағайындалды.

Ержан Базарбекұлы 2010-2013 жылдары ҚМДБ-ға қарасты «Астана» медресесінде оқыды. 2015-2018 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде оқып, дінтану мамандығын меңгерген.

2013-2015 жылдары БҚО орталық мешітінің ұстазы, 2013-2015 жылдары «Орал» медресе-колледжінің ұстазы, директордың орынбасары болды.

2015-2018 жылдары Алматы орталық мешітінің ұстазы, Жастар ісі секторының өкілі, 2018 жылдан бастап ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің маманы қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру