Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Мәйітті жуу және кебіндеу жөнінде дәріс өтті

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 11.09.2020 3593 0 пікір
Қостанай: Мәйітті жуу және кебіндеу жөнінде дәріс өтті

Жақында Рудный қалалық «Нұр» мешітінде «Әйелдер-қыздар» секторының ұстазы Аяулым Ермекқызының ұйымдастыруымен мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімімен таныстыру-үйрету дәрістері өтті.

Ол «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының мазмұны бойынша қысқаша шолу жасап, мәйітті жуындыру, кебіндеу рәсімдерінің әрқайсысына жекелей тоқталып өтті.

Сондай-ақ қуыршақ манекен арқылы мәйітті жуындыру тәртібін іс жүзінде көрсетті. Мәйітті жуындыру кезінде сақтық шараларын ескеру, мәйіт әуретіне қарамау, ерді ер азамат, әйелді әйел кісінің, мүмкін болса ет-жақындарының жуындыруы, мәйітті кебіндеу, жерлеу рәсімдерінің реттілігі, жаназа туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Сонымен қатар, діни жоралғылардың дәстүрмен сабақтастығы туралы да қамтылды. Танымдық дәріске де қатысушылар тақырып аясында қосымша сауалдар қойып, өздеріне қажетті мағлұмат алды.

Дәріс соңында ұстаз Аяулым Смағұлова халыққа қызмет көрсету мақсатында кебіншілер тобын құрды. Тағылымы мол басқосудан кейін Дария қажы мен Зәуре апалар жастарға ақыл-кеңестерін беріп, дін мен дәстүр сабақтастығы жайлы мазмұнды әңгіме қозғады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру