Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Ауыл мешітінің жанынан асхана ашылды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 11.09.2020 2827 0 пікір
Жамбыл: Ауыл мешітінің жанынан асхана ашылды

Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылдық мешітінің жанынан асхана ашылды. 

Ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев, Жамбыл ауданының бас имамы Ғарифолла Әмірбек, облыстық мешіт істері меңгерушісі Халид Қожахметов, мешіт имамдары мен қызметкерлері,  ақсақалдар және тұрғындар қатысты. Ғимараттың лентасын "бисмилләһ" деп облыс имамы қиды.

Мешіт асханасы тұрғындарға құдайы тамақ, ас, ауызашар беру, хатым бағыштау, құран оқыту, ет тарату сынды шараларда аса қажет. Жамағаттың аталған ғұрыптарды орындау барысында мешіт имамдарымен бірге, ресми ғимаратта болғаны кез келген істі шариғат талаптарына сай, қателіксіз өткізуге мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру