Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Діни қызметкерлер баспаналы болды (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 10.09.2020 3656 0 пікір
Шымкент: Діни қызметкерлер баспаналы болды (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Айқап» мешіті жанынан «Ел үлесі – пәтерге» акциясы бойынша 247, 261, 262 және 263-ші діни қызметкерге арналған 4 қызметтік үй пайдалануға берілді.

Өздеріңізге белгілі, әрбір салада жұмыс ойдағыша болуы үшін қызметкердің тұрмыстық жағдайы да жақсы болуы қажет. Соның ішінде, баспаналы болу – отбасы үшін үлкен нығметтің бірі. Осындай мәселелерді реттеу мақсатында ҚМДБ «Зекет» қоры «Ел үлесі – пәтерге» атты акциясын жария етіп, бүгінде  ел арасында зор қолдауға ие болып, аз уақыттың ішінде еліміз бойынша 263-тен астам отбасыға баспана кілті табыс етілді.

Бүгінгі айтулы шараны қала имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров жүргізіп отырды. Алдымен қасиетті Құран оқылып, дұға етілді. Осыдан кейін, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы сөз алып, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сәлемін жеткізіп, игілікті істің маңыздылығына айрықша тоқталды. Мұнымен қатар, қала имамының кеңесшісі Бекайдар Әміре, Әл-Фараби аудандық мешітінің бас имамы Ахметжан Пірәліұлы, дінтанушы Қалиолла Маджанов, мешіт жанындағы ақылдастар алқасының мүшесі Бағдат Истамқұловтар құттықтау сөз сөйледі.

Осы игі істің көрінісі ретінде Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы бастамасымен «Айқап» мешітінің бас имамы Алимжан Анафияевтың жан-жақты асар әдісі бойынша ұйымдастыруымен «Айқап» мешіті жанынан 4 отбасыға арналған қызметтік баспана салынып, пайдалануға берілді. Ғимарат үш қабаттан тұрады. Бірінші қабаты 300 орынды асхана, ал екінші және үшінші қабаттарын баспана болып саналады. Берілген әрбір баспана үш бөлмелі, көлемі 66 шаршы метрді құрайды. Үйде барлық жағдай қарастырылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру