Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бас имам ардагер имаммен кездесті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 10.09.2020 2608 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам ардагер имаммен кездесті

Ұрпақтар сабақтастығы – ізгі дәстүр. Осы дәстүрге сай, кезінде ҚМДБ-ның Маңғыстау өңіріндегі алғашқы өкіл имамы болған Омар Ахметхан қажы Ниятоллаұлы облыстық орталық «Бекет ата» мешітіне арнайы келіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлымен кездесті.

Көп жылдар бойы дін жолында өлшеусіз қызмет етіп, өңіріміздегі діни ахуалдың тұрақтылығына септігін тигізген Ахметхан қажы бас имам Әнуар Ізімбайұлымен сүбелі сұхбат құрып, қызметіне сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Кездесу соңында бас имам Ахметхан қажы ағамызға құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жапты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру