Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көкшетау: Оқушыларды мектепке дайындады

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 10.09.2020 2648 0 пікір
Көкшетау: Оқушыларды мектепке дайындады

Жылдағы берік дәстүр бойынша «Мектепке жол» акциясы Ақмола облысында да өткізілді. Қайырымдылық шарасына өңірдің барлық мешіті үлес қосты.

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбиттің айтуынша, 145 балаға мектеп сөмкелері, 61 оқушыға смартфондар берілді. Осы мақсатқа демеушілердің 3 миллион 761 мың теңге қаражаты жұмсалды. Бұл ретте көпбалалы және мұқтаж отбасылар басты назарға алынды.

Былтыр осындай акция барысында 1 мыңға жуық оқушыға мектеп сөмкелері мен оқу құралдары сатылып әперілген еді. Биыл қашықтан оқыту жүйесінің енуіне орай оқушыларға аса қажет смартфон сатылып алынды.

Мешіт – қайырымдылықтың ошағы. Алдағы уақытта мұндай ізгілік шаралары жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру