Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бородулиха аудандық мешіті күрделі жөндеуден өтті

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 10.09.2020 2489 0 пікір
Бородулиха аудандық мешіті күрделі жөндеуден өтті

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына арналған «30 игі шара» жобасы аясында Семей өңіріне қарасты Бородулиха ауданындағы Қарбай мешіті күрделі жөндеуден өтті.

Қарбай мешіті 1991 жылдан бері талай жамағатты асыл дініміздің құндылықтары мен рухани нәріне сусындатып, қызмет етіп келеді. Бүгінде мұнда келушілер легі жетерлік. Жастардың да имандылыққа бет бұрғаны, қарттардың да азан шақырып, баталы болғаны кімді де болсын қуантары анық. Ғимараттың жөндеу жұмыстарына жауапты болып, игі істің жүзеге асуын ұйымдастырып, басы-қасында жүрген мешіт бас имамы Әріпжан Қожанұлының айтуынша жөндеу жұмыстарына 4 млн теңге қаржы жұмсалған. Қолдау аудан тұрғындары мен жомарт жандар және демеушілер арқылы іске асты.

2020 жылдың мамыр айынан бастау алған жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды. Мешітке жаңа жайнамаз төселіп, люстралары жаңартылды. Ерлер мен әйелдер дәретханасы, мешіт сырты әрленіп, шатыры толықтай жаңартылды. Семей өңірінің бас имамы мешіттің құрылысына белсенді атсалысқан демеушілер мен жомарт жандарға алғыс хат тапсырып рахметін жеткізді.

«Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» деген. Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған. Діни басқарманың 30 жылдық мерейтойына орай өңірімізде атқарылар 30 игі шара осымен тоқталмақ емес» деді Семей өңірінің бас имамы Асқар Мұқанов.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру