ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Шымкент орталық мешіті мен «Зекет» қорының қалалық өкілдігінің тартуы ретінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Ерман ата ауылында жаңа көпір ел игілігіне берілді.
Шарада Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов сөз алып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы құттықтау сәлемін жеткізіп, ауыл тұрғындарын құттықтады. Айтулы шараға Шымкент орталық мешітінің наиб имамы Мұхамеджан Естеміров, бас имамның кеңесшісі Бекайдар Әміре, іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, әл-Фараби аудандық мешітінің бас имамы Ахметжан Керімбек, Абай аудандық мешітінің бас имамы Бердалы Жәміш, Қаратау аудандық мешітінің бас имамы Дастан Желеуов, Еңбекші аудандық мешітінің бас имамы Берік Қалдаров және «Зекет» қорының Шымкент қаласындағы өкілі Айбек Азимбаев, «Мырзақұл ата» мешітінің бас имамы Уалихан Шиндаулиев, ауыл ақсақалдары Калмиддин Шамсуддинов, Дауылбай Қоңырбайұлы, Рамазан Құлтөреев қатысты.
Жалпы Мақтаарал ауданына Мемлекет басшысының үлкен қолдауы көрсетеліп келеді. Өткен жылдан бері 27 шақырымды құрайтын «Қоңырат» каналында жаңғырту мақсатында ғасырлық құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы канал бойында орналасқан Ерман ата ауылының 450-ден астам отбасы мүшелерінің «Мырзақұл ата» мешітіне келіп, құлшылық жасау үшін 12 метрлік шағын көпір пайдалануға берілді. Жаңа көпірдің ашылуы кезінде елдімекен тұрғындары мешітке келуіне өте ыңғайлы болғанын және осы игі шараның бастамашысы болған Діни басқармаға ризашылық білдірді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
09.09.2020
3647
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру