Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: «Әжелер мектебі» «Аналар үйіне» жәрдемдеседі

amin.kz 09.09.2020 2607 0 пікір
Атырау: «Әжелер мектебі» «Аналар үйіне» жәрдемдеседі

«Әжелер мектебі» «Аналар үйімен» бірлесіп жұмыс істейді. Бұл туралы орталық «Иманғали» мешітінде өткен «Әжелер мектебінің» отырысында белгілі болды.

Жиынға арнайы қатысып, мектептің басым бағыттарын айқындап берген Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы әжелердің, аналардың қоғамдағы рөлі жоғары екенін атап өтті.

«Қазіргідей жаһандану заманында құндылықтар өзгеріп жатыр. Бірақ ұлтымыздың ғасырлар бойы дәлелденген тәлім мектебі өзектілігін жоймайды. Біз «Әжелер мектебін» қоғамның маңызды салаларымен байланыста көргіміз келеді.

Қазіргі уақытта ойнақтап жүріп от басып, тағдыр тәлкегіне ұшырап жүрген қаракөздеріміз көп. Олардың дені «Аналар үйін» паналап отыр. Біздің аналарымыз өмірден түйгендерін сол жандарға айтып, бағыт беріп отыратын болса, адасқан тағдырлар тауқымет тартпас еді. Сонымен бірге жергілікті сот орындары жанынан да «Әжелер мектебі» табылуы тиіс. Ажырасып жатқан отбасылар бойынша Қазақстанда статистика ауыр көрсеткішке ие. Аналарымыз жастарды табыстыратын болса, бұл да сауапты амал болар еді.

Сонымен бірге балалар ауылымен тығыз қарым-қатынас керек. Әженің, ананың алақанын аңсап жүрген сәбилеріміз үшін бұл бір жақсылық болар еді» деген бас имам Алтынбек Ұтысханұлы аталған бағыттар бойынша жұмыс жоспарын бекітуді тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру