Ел анасы атанған Бибі-Жамал Әбдімәлікқызының дүниеден өткеніне қырық күн өтуіне орай еліміз бойынша 6300 отбасыға қайырымдылық көрсетіліп, Маңғыстау облысында баспаналы болсам деп жүрген 5 мұқтаж отбасыға пәтер кілті табысталғанын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, аталмыш қайырымдылық іс-шаралары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай «30 игі шара» бағдарламасына сәйкес Маңғыстау өңірінде 2 шақырымдық жол ел игілігіне берілді.
Жолдың ашылу салтанатында ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз алып, алдымен ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы құттықтау сәлемін жеткізіп, жергілікті ауыл тұрғындарын құттықтады. Сондай-ақ шараға батагөй қария Лепес қажы Қосмағанбетұлы мен өзге де ақсақалдар қатысты.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
09.09.2020
5101
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру