Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Онлайн насихат үздіксіз жалғасады

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 08.09.2020 2271 0 пікір
Өскемен: Онлайн насихат үздіксіз жалғасады

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің уағыз-насихат бөлімі халыққа онлайн насихат жұмыстарын үздіксіз ұсынып келеді.

Қазіргі таңда карантин талаптарын сақтау, жағдайға түсіністікпен қарау бәрінен маңызды. Осыған орай айлық уағыз-сұхбаттар кестесі жасалып, жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Адамгершілік құндылықтармен қоса, ар мен иман, әдеп тағылымы, қайырымдылық бағытындағы насихаттар айтылуда.

«Уағыз-насихатты онлайн түрде жүргізу – заман талабы. Қазіргі кезде жамағатқа өзекті тақырыптарда насихат айтылып жатыр. Әлеуметтік желілерде тікелей эфирде сұхбаттар өткізілуде. Онлайн насихаттарға ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері, дінтанушы-ғалымдар, имамдар қатысуда» деп атап өтті Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин.

Сондай-ақ ол өңірдің халал бөлімінің өкілі мен жас дін қызметкерлерінің де қамтылып отырғанын жеткізді. Онлайн насихаттар алдағы уақытта үздіксіз жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру