Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Харун Аяз ұстазға құрмет көрсетті

Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі 08.09.2020 2271 0 пікір
Павлодар: Харун Аяз ұстазға құрмет көрсетті

2017 жылы ҚМДБ-ның арнайы келісімі бойынша бауырлас Түркия елінен Павлодардағы Қарилар даярлау орталығына келген қари, ұстаз Харун Аяздың келісім уақыты аяқталды.

Харун Аяз Қарилар даярлау орталығының шәкіттеріне білім беріп, тәрбиелеп, қасиетті Құран Кәрімді жаттатып, үйретуде көп еңбек сіңірді. Келісім уақыты аяқталып, еліне қайтуына байланысты облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы ұстазға облыс мұсылмандарының ризашылығын жеткізіп, қазақ дәстүрімен иығына шапан жауып, шығарып салды.

Айта кетейік, ҚМДБ Павлодар облыстық өкілдігіне қарасты Мәшһүр Жүсіп атындағы Қарилар даярлау орталығы 2016 жылдан бері еліміздің әр түкпірінен келген ынталы жастарға Құран жаттатып, қасиетті сүрелердің тәпсірінен білім беруде. Құран жаттау дәрісі күнделікті жүргізіледі. Орталықта арнайы діни білімі бар тәрбиеші ұстаздар қызмет атқаруда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру