Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Ауруханаға жасалған қайырымдылық

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 08.09.2020 2237 0 пікір
ШҚО: Ауруханаға жасалған қайырымдылық

 ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі өңір мешіттеріне мүмкіндігінше ауруханаларға көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын.

Осыған байланысты Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешіті аудандық Ақсуат ауруханасына қайырымдылық жасады.

«Өзіміз еккен картоп, сәбіз, қырыққабат секілді өнімдерімізбен қоса 35 л қымызды науқастарға әкелдік. Ұлттық құнарлы тағам түрлері науқастарға қуат беріп, сырқатынан тезірек сауығуға ықпал етеді» дейді Тарбағатай ауданындағы «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Құсманұлы.

Аталған мешіт былтырдан бері аудан әкімінің көмегімен 10 га егіндік жер алып, жыл сайын өнім алып келе жатыр. Еккен өнімдерін әлеуметтік мекемелерге, тұрмысы төмен отбасыларға таратады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру