БҚО Жаңақала аудандық мешітіне жаңадан бас имам келді. Аталған жауапты қызметке Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ақсай қаласындағы «Бөрлі» аудандық мешітінің наиб имамы қызметін атқарған Жомарт Санатұлы Лұқпанов тағайындалды.
Ресми іс-шараға ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев арнайы барып, ауданы әкім Наурызбай Қадырбайұлы қабылдап, мешіт жамағатына Жомарт Санатұлы мен наиб имам Алтынбек Мағауияұлын таныстырды.
Жомарт Санатұлы – Жаңақала ауданының тумасы, Ақтөбе медресесінің түлегі, алғашқы имандылық жолы Бөрлі аудандық мешітінің наиб имамы қызметімен басталса, одан кейін Бәйтерек ауданы, Асан ауылдық мешітінің наиб имамы, Орал қалалық М.Ғ.Түлбаев мешітінің наиб имамы қызметін абыроймен атқарды. Бүгінде төрт баланың әкесі.
Ал, Алтынбек Болатов – Жаңақала ауданының тумасы, Орал медресесінің биылғы түлегі.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
07.09.2020
3814
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру