Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: «Мектепке жол» акциясы жалғасуда

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 07.09.2020 2531 0 пікір
Түркістан: «Мектепке жол» акциясы жалғасуда

Карантинге қарамастан имамдардың ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы биыл да жалғасын тапты. Түркістан облысында онлайн оқу жүйесіне байланысты сұранысқа сай планшеттер мұқтаж отбасыларға таратылып жатыр. Бұған қоса, өзге де оқу құралдары берілді.

Сайрам ауданы бойынша 100 оқушыға, Келесте 35 балаға, Мақтааралда 21 оқушыға портфель пакеті мен планшеттер, Кентау қаласында 18 балаға планшет, 12 оқушыға қалам-дәптер, Жетісай ауданында 50 оқушыға планшет, 70 балаға мектепке қажетті оқу құралдары, Төле би ауданында 55 оқушыға оқу құралдары мен мектеп формасы, Шардара қаласында 10 балаға планшет берілді.

Сондай-ақ, облыстық мешіттің ұйытқы болуымен су апатынан зардап шеккен Өргебас, Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фердауси ауылының балаларына 118 смартфон тарту етілді.

Оқушылардың керек-жарағына «Зекет» қорының аудандық бөлімдері, жергілікті жамағат пен қайырымдылық қорларының қаражаты жұмсалды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру