Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорғанда имамдардың онлайн жиыны өтті

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 07.09.2020 1994 0 пікір
Талдықорғанда имамдардың онлайн жиыны өтті

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Нүсіпханұлының төрағалығымен қала имамдарына жүзбе-жүз форматында және аудан имамдарына ZOOM қосымшасы арқылы онлайн форматта жиналыс өтті.

Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, өңір мешіттерінің ашылуына байланысты имамдарға бірқатар тапсырмалар мен қызметте жаңа лауазымдық міндеттер жүктелді. Алдағы уақытта атқарылуы тиіс қайырымдылық керуені шаралары мен мұқтажға медет акциялары жайында ойлар ортада талқыланды.

Сонымен қатар, өңірдің бас имамы Қасиетті Құрбан айт кезінде қызметімен ерекшеленген дін қызметкерлеріне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің арнайы алғыс хатын табыс етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру